2015 жылдың 27 қараша күні Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданындағы Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейі «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының БҚО тарихи-өлкетану музейі» МКҚК - ның филиалының ретінде ашылды.
Негізі мектептің жанынан Тайыр Жароковтың туғанына 100 жыл толуына орай құрылған музей, 2001 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай аудандық балалар кітапханасы ғимаратында қайта жасақталды.Музей күні бүгінге дейін қоғамдық негізде жұмыс жасап келді.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалыЖәнібек аудандықтарихи-өлкетану музейі «Аудан тарихы», «Ерлер есімі ел есінде», «Мәдениет және өнер залы», «Тәуелсіздік залы», «Соғыс шарпыған Жәнібек» панорамасы деген бөлімдерден тұрады.
Бүгінгі күні музей қорында өңірдің арғы- бергі тарихынан сыр шертетін көненің көзіндей үш мыңнан аса жәдігерсақталған. Олардың ішінде ХІХ-ХХ ғғ. жататын тұрмыстық заттар(құмыралар, жастық ағаш, ат-әбзелдері, қол диірмені, соқа, келі, күбі, шойын қазандар, шоқ самаурын, жез табақтар мен шәйнектер, ағаш аяқтар),соғыс және тыл ардагерлері туралы фотосуреттер, заттай жәдігерлер, еңбек ардагерлері туралы құжаттарды ерекше атап өтуге болады.
Музей меңгерушісі: Қайдаров Мереке Жұмабайұлы
Адрес: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы
Телефон: 8(7112)