Музей төлқұжаты

Музей төлқұжаты

1. Атауы МКҚК «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі»
2. Мекен-жайы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даң.,184.
3. Құрылған жылы 1836 ж мектеп жанында құрылып, 1906ж Орал казак әскери музейі болып бөлініп шыққан.
4. Негізі Облыстық тарихи-өлкетану музейі 1836 жылы Орал казак әскери мұражайы негізінде құрылған.
5. Мұражай бағыты Тарихи-өлкетану.
6. Қызметі Мұражай экспозициясы арқылы өлкенің және Қазақстан Республикасының тарихына қатысты жәдігерлерді жинау, зерттеу, көпшілік қауымға насихаттау.
7. Мұражай директорлары
1947-1959 жж. - Харитонов Г.А.
1960-1965 жж. - Зимин П.Р.,
1965-1982 жж. - Ершуриева Ұ.И.
1982-1983 жж. - Қисамбаева Г.Х.
1984-2008 жж. - Танабаева С.Е.
2008-2014 жж. - Жоламанов Ә.Т.
2014 ж. - Батырханов А.Т.
2014ж.(желтоқсан айынан бастап) - Ерсаев М.Б.
8. Ғимаратқа сипаттама Мұражай ғимараты 1879ж орыс-қазақ қолөнер мектебі үшін шығыстық стильде салынған.
9. Көлемі Жалпы - 2432,7 м2
Экспозициялық - 1809,1 м2
Қорда - 52,0 м2
Әкімшіліктік - 571,6 м2
10. Қорда Барлығы - 136 942 астам бірлік сақталуда. Негізгі қорда - 68 571 бірлік, қосымша қорда - 73 434 бірлік.
11. Мұражай құрылымы

Бөлімдері:

  • ғылыми қор бөлімі;
  • экспозиция және көрмені ұйымдастыру;
  • ғылыми үгіт-насихат және экскурсиялық қызмет көрсету;
  • ғылыми-әдістемелік.

Филиалдары:

  • Е.Пугачев мұражай-үйі;
  • суретші С.Ғұмаров мұражайы;
  • С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі;
  • Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей;
  • А.С.Пушкин музейі;
  • Жаңақала аудандық Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейі;
  • Мұхит Мерәлі атындағы Қаратөбе аудандық тарихи-өлкетану музейі;
  • Көктерек ауылдық тарихи-өлкетану музейі.
  • Ақпәтер ауылдық тарихи-өлкетану музейі.
  • Табиғат және экология музей-үйі.
  • Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейі.
  • "Рухани жаңғыру" музейі.
12. Музей құндылықтары Археологиялық қазба жұмыстарынан шыққан б.д.д.ІV-ІІғғ. алтын әшекейлер; ХVІІІ-ХІХғ.ғ ертедегі кітаптары, қолөнер туындылары, ұлттық киімдер, қазақ жауынгерлерінің қару-жарақтары; ХҮІІІ-ХІХғ.ғ ыдыс-аяқ; ХVІІ-ХІХғ.ғ-икондар, казак әскери қарулары; казак әскерлерінің тулары; суретші В.А.Тропининнің «Атаман Д.М.Бородин» картинасы (түпнұсқасы); Т.Г.Шевченко салған «Н.Ф.Савичев» графикалық суреті (түпнұсқасы); суретші А.Дүзелхановтың қазақ хандарының портреттері; Құрманғазы туралы деректер, күй-анасы Динаның қамзолы, күйші Сейтектің домбырасының көшірмесі, Фатима ханша костюмінің көшірмесі; Қазақтың тұңғыш заңгері Б.Қаратаевтің жеке заттары; Ақжайық өлкесінен шыққан ақын-жаузшылар: Т.Жароков, Ж.Молдағалиев, Қ.Мырза Әлидің жазу құралдары; өнер қайраткерлері Ғ.Құрманғалиев, Х.Бөкеева, Р.Жаманова, Е.Хасанғалиевтің сахналық киімдері; XVIII-XIX ғғ. зергерлік бұйымдары мен үй жиһаздары, суретшілер Хлудов, Ж.Аралбаев, С.Ғұмаров, М.Жоламанов, А.Гурьев т.б. суреттері сақталған.
13. Музейден шығарылған басылымдар «Батыс Қазақстанның көне археологиялық қазбалары», «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр», «Батыс өңірдің халық әдебиеті», «Батыс өңірдің қолөнер туындылары», «Донда – казакпын, Жайықта - қазақпын»,«Келбет»; каталог "Жауһар"; буклеттер: «Даналық дариясының бір сағасы», «Ел басына күн туса», «Қазақтың қанатты қызы - Хиуаз», «Кеңес Одағының Батырлары», «Батыс Қазақстан – сталинград майданының тылы», «Музейлер – халық қазынасы», «Алаштың ардақтылары», «Оралым менің, Оралым»; "Қазақтың тұңғыш заңгері", "Жеңіс сарбаздары", "Оралым менің, Оралым", "Ән - ғұмыр", "Мен қазақпын"; «Алаштың ардақтылары» сериясы бойынша Г.Караш, "Б.Каратаев", "Ахмет және Әмина Мәметовтар" буклеттері.
14. Ғалымдармен байланысы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, БҚГА, Ә.Марғұлан атындағы археология институты, облыстық тарих және археология орталығы.
15. Мәдени-ағарту жұмысы Экскурсия, дәрістер топтамасы, музей сағаты, кездесу, конференция, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу, жылжымалы көрмелер ұйымдастыру, БАҚ арқылы музей жәдігерлерін насихаттау.
16. Лектории ЖББОМ, гимназия, колледж, арнайы КМ, ЖОО студенттері.
17. Штат 148
18. Музейге келушілер:

2000 ж. – 53 007 адам
2001 ж. – 76 942 адам
2002 ж. – 49 736 адам
2003 ж. – 48 210 адам
2004 ж. – 59 430 адам
2005 ж. – 61 172 адам
2006 ж. – 45 379 адам
2007 ж. – 34 843 адам
2008 ж. – 31 342 адам
2009 ж. – 32 689 адам
2010 ж. – 33 588 адам
2011 ж. – 33 703 адам
2012 ж. – 38 129 адам
2013 ж. – 44 873 адам
2014 ж. - 51520 адам
2015 ж. - 55549 адам
2016 ж. - 64801 адам
2017 ж. - 70547 адам

19. Экскурсиялар

2000 ж. – 639
2002 ж. – 896
2003 ж. – 851
2004 ж. – 1 186
2005 ж. – 1 234
2006 ж. – 2 152
2007 ж. – 1 673
2008 ж. – 1 417
2009 ж. – 2 271
2010 ж. – 2 387
2011 ж. – 3 055
2012 ж. – 3 345
2013 ж. – 3 282
2014 ж. - 3406
2015 ж. - 3530
2016 ж. - 4134
2017 ж. - 4164

Жемчужина қоры

Билет сату

Мұрағат

December 2024
Mo Tu We Th Fr Sa Su
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5

Жол жүру сұлбасы

Әлеуметтік желілер

       

Copyright © 2011-2019. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі