«Пушкин балалар көзімен» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі А.С.Пушкин музей-үйінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнініе орай «Пушкин балалар көзімен» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге С.Ғұмаров атындағы балалар көркем-сурет мектебінің кылқалам шеберлерінің туындылары негізінде жасақталған жұмыстары қойылды. Қатысушы оқушыларға сыйлықтар табысталып, жас шеберлердің шыңдалуына үлесін қосып жүрген жетекшісі Назгүл Бақытжанқызына алғыс хат табысталды.#бқомузейлері

«Зұлмат жылдар зауалы» атты тақырыптық дәріс өтті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай XX ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақтың санасына бабалар аңсаған тәуелсіздіктің құндылығын сіңіртіп, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің ұйымдастыруымен музейіміздің «Ұлы Отан соғысы» залында А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдана Сырымова мен аталмыш мектептің оқушыларының қатысуымен «Зұлмат жылдар зауалы» атты тақырыптық дәріс өтті.

«Алаштың ұстанымы - ұлт мұрасы» атты көрменің ашылуы болды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Батыс Алашорда қайраткері, дәрігер Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Алаштың ұстанымы - ұлт мұрасы» атты көрменің ашылуы болды. Көрмеге М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.С.Боранбаева, тарих факультетінің студенттері, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері, музей қызметкерлері қатысты.

Қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі аралықты қамтитын ат әбзелдерін зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында бірлескен дөңгелек үстел өтті

2023 жылдың 29 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мен Корея Республикасының Мәдени мұра зерттеу ұлттық институтымен бірлескен 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми жобасы аясында Қазақстанның бірнеше музей қоры мен экспозициясындағы қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі аралықты қамтитын ат әбзелдерін зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында бірлескен дөңгелек үстел өтті.

«Жаужүрек жерлесіміз жайында» атты экспозициялық көрме жасақталды

22 мамырда Ұлы Жеңіс күніне орай Бөкей ордасының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, үш мәрте «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған ержүрек жерлесіміз, 1946-1970 жылдары саналы ғұмырын Жәнібек ауданында ішкі істер саласына арнап, өскелең ұрпақтың ертеңі үшін аянбай қызмет еткен ардақты азамат Сұлтан Бисекеновтың туғанына 105 жыл (1918-1991 ж.ж.) толуына орай жеткіншектерге батырдың өмірбаяны, ерлігі туралы мәлімет бере отырып, Ұлы Отан соғысында от кешкен ержүрек жауынгердің теңдессіз де жанқиярлық ерлігін әрқашан ардақтауға, өшпес рухына тағзым етіп, көрермендердің өмірге деген сүйіспеншілік, құштарлық сезімдерін оятып, өз елінің патриоты болуға, Отанды сүюге тәрбиелеу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің ұйымдастыруымен музейіміздің «Ұлы Отан соғысы» залында №1 мектеп-лицейінің 7 «в» сынып оқушылары мен жетекшісі Альфия Хапуова және Т. Жароков атындағы ЖББОМ-ның оқушыларының қатысуымен «Жаужүрек жерлесіміз жайында» атты экспозициялық көрме жасақталды.

Будет проводиться внутренний анализ коррупционных рисков

В соответствии с пунктом 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года «О противодействии коррупции» и согласно Приказу Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 19 октября 2016 года №12 «Об утверждений типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков» в деятельности Государственного коммунального казенного предприятие  «Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей  управления культуры, развития языков и архивного дела акимата Западно-Казахстанской области» с 01 по 30 июня 2023 года будет проводиться внутренний анализ коррупционных рисков.

 

«Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» тақырыбында мерекелік шара өткізілді

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Табиғат және экология музейінде 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.

«Туған жерін ту еткен қаламгер» атты көрменің ашылу салтанаты өтті

18 мамыр күні БҚО тарихи-өлкетану музейінде жазушы, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерi, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,  Қаратөбе ауданының  құрметті азаматы Құрманғазы Қараманұлының туғанына  80 жыл толуына арналған «Туған жерін ту еткен қаламгер» атты көрменің  ашылу  салтанаты өтті.

Орашева  Қаламқас  Қожахметқызының туғанына 70  жыл толуына орай мәдени-шара ұйымдастырылды

БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі «Рухани жаңғыру»  музейінде әнші, термеші, жыраулық өнер  дәстүрін насихаттаушы  Орашева  Қаламқас  Қожахметқызының туғанына 70  жыл толуына орай «Ән-ғұмыр» көрме өткізіліп, мәдени-шара ұйымдастырылды.

Страница 1 из 8

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей